Сара Алпысқызы Назарбаева
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейтуге отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы өткізген ғылыми зерттеу қызметін ескеріп, жүйелілік және кешенді тұрғыдан «Өзін-өзі тану» өңірлік білім беру жүйелері туралы республикалық электронды деректер банкін жасау үшін материал жинақтады.