Пятница, 2024-05-17, 8:51 AM
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақтың салт-дәстүрлері » Ай (қазақ дәстүрінде)

Айға қарап ауа райын болжау

Ай және Айға бай¬ланысты сан алуан құбылыстарды зерделеу арқылы ауа райын болжау қазақтың халықтық астрономиясы мен метеорологиялық тәжірибесінің ең іргелі бағыттарының бірі болып табылады. Аймен байланысты құбылыстарға, әсіресе, олардың басқа аспан денелерімен байланыстарына ерекше мән берілді. Осы арқылы бір жылдағы, бір айдағы немесе алдағы күннің ауа райына болжамдар жасалды. Ай есебі бойынша Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. Халық арасында жаңа туған Айдың көзге көрінбейтін алғашқы екі күні мен батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге көрінетін алғашқы 4-6-күндері (яғни өліарадан кейін) «туған ай» деп атала¬ды. Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп аталады. Туған ай мен батар айдың арасындағы фазасы - шамамен 12-15 күн «ай арасы» деп аталады. Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі «толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 3-4 тәулікті қамтиды. Ал, халықтық календарьда толған ай мерзімінің тек басталуы уақытының (яғни айдың 15-і) ғана көрсетілуі нақтылыққа емес, айтулы оқиғаның немесе құбылыстың басталуына ерекше мән беретін мифопоэтикалық ой жүйесінің принципімен түсіндіруге болады[6] .

Айдың Үркерді басып өтуі тоғыс деп аталған (толығырақ қ. Тоғыс). Тоғыс кезінде Үркер мен Ай бір-бірінен алыс болса, халық тәжірибесінде «бұл екеуі бір-бірінен қырбай болған екен, қырсығы мал мен жанға немесе игі еді» деп қауіп ететін болған. Егер олай болмай Үркер мен Ай жақын орналасса, «екеуі жараса қалған екен, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп жақсылыққа жорыған. Жаңа туған Ай орағы қылдырықтай болып, батыс көкжиектен кеш қараңғысында көрінетіні белгілі. Егер Ай шалқалап туса, күн райы мал баққан шаруаға, шаруашылыққа қолайсыз болады. Ал қыста шалқасынан туған Ай аяздың қатты болатындығын білдіреді. Сондықтан, шаруа баққан адам шалқалап туған Айды жақтырмай, үйелеп қалған малға ұқсатады. Ондайда «жарықтың, жатысың өзіңе жайлы болса да, елге жайсыз» деп кейіс білдірген. Ай тігінен туса, «Ай жайлы туыпты, күн райы шаруаға қолайлы болады», «Ай қырынан туса күн жылы болады» деп жақсылыққа жорып, қуанатын болған. Сондай-ақ, Ай қораланса ауа райы бұзылып жайсыз болады деп болжаған. Осындай түсінікпен байланысты байырғы мәдени-тілдік ұжымда Ай оңынан туды деген тұрақты сөз орамы және «Айың оңынан тусын!» деген оң мағынадағы әрі тілек, әрі бата сөз тіркестері қалыптасты. Күнделікті тіршілікте айтылатын байырғы бата-тілек мәтіндерінде әлгі бата-тілектің тағы бір нұсқасы Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан деген жолдар жиі кездеседі[7

Категория: Ай (қазақ дәстүрінде) | Добавил: Oryngul (2012-02-25)
Просмотров: 4809 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: