Пятница, 2024-11-22, 6:12 PM
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақтың ақын-жазушылары » Шәкәрім Құдайбердіұлы

В категории материалов: 3
Показано материалов: 1-3

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Кезінде Шәкәрімді көрген белгілі этнограф Садық Қасиманов өзінің естелігінде: «Сонда мені, әсіресе, қайран қалдырғаны Шәкәрімнің өлеңі мен сол өлеңдеріне шығарған өз әндері болатын. Ол кезде Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа білмейтін адамдар Тобықты елінде кемдекем болатын. Ал Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды. Мен солардың орындауында Шәкәрім әндерін тыңдадым. Шәкәрімнің үш ішекті домбырада ойнағанын көрдім, бірақ өзінің ән салғанын көре алмадым. 1924 жылы Жамбасқұдық деген жерде Шәкәрім өз әндерін Әбдіғалиға орындатып, оның орындау мәнеріне көптеген түзетулер, ескертпелер айтып отырғанының куәсі болдым. Солардың кейбірі есімде қалыпты. Ол кісі өз әнін орындау үшін домбыраның жоғарғы тұсынан қосымша тағы бір перне тағып берді. Сонымен қатар Әбдіғалиға: «Домбыраны шерткенде асықпа, жылдамдатып ұра салма, тақтайды бет алды тарсылдата берме, ән әуеніне қарай саусақтар да кербез, әсем қимылдауы керек. Әсіресе, үстіңгі, үшінші ішектің сүйемелін орнымен пайдалан,  деді. Әбдіғали бетаузын өте биязы ұстап, азырақ тістеніп, сыздықтата бастап еді, Шәкәрім:  Әбіш, сенің әннен гөрі өз бетаузыңның әдемі көрінуін ойлағаның қалай? Олай етпе, бар әдемілікті айтып отырған әніңе қый, еркін отыр, бетауыз, дене, қол қимылдарын ән әуенінің еркіне жібер. Тынысты кең ал, екі ұрт пен ерінді тежей берме, орындаушы мүше солар ғой,  деген сияқты ақылкеңестерін беріп отырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы | Просмотров: 3276 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Шығармалары 
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтікағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған.

Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шәкәрімнің бір өлеңі:


Біреу сені мақтаса, қуанасың, 
Жамандаса, жабырқап суаласың. 
Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ, 
Бәрібір сен де елірме дуанасың.

Дос мақтасса, не пайда онан саған, 
Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман? 
Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса, 
Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?

Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе, 
Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе? 
Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын, 
Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.

Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін, 
Дұшпан мақтар елірте бермек үшін. 
Есептемей есірік елің мақтар, 
Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы | Просмотров: 10420 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.

Өмірбаяны 
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.

Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім" деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы | Просмотров: 13940 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (6)