Пятница, 2024-11-22, 6:01 AM
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи

Всего материалов в каталоге: 17
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Бүркітке қатысты ырым, жора Аушы құс көк Тәңірінің елшісі, ол Күннен жаратылған, күннің еркесі, көктің иесі деп көп халықтың көне сенімінде аса жоғары дәріптейді. Бүркітке табыну күллі жануарлар мен адамзат әлемінен жоғары түрды. Оны аспан денелерімен шендестірді.Жыртқыш құстарды аса қадірлеген қазақтар сенімінде садақтың оғының жебесін "күшігеннің қойлық жүнімен" және "тазқараныңтайлықжүнімен" (қауырсынымен) ұштаса тік ұшады деп сенген,- деп жазды Ш.Уәлиханов. Біздің қазақтардағы үкі тағу да құс Тәңірдің елшісі, ол адамды қорғап жүрсін деген ырымның нышаны. Біздің қазіргі қазақ тіліндегі құт қону, басына бақ құс қону деген тіркестерде кездесетін "құт" сөзі құс қону, тәңірден береке келіп қону, көктен кут тусу" деген мәнде қолданылған құттың өзі тәңірлік сый-сияпаты деген танымның сарқыншағы деп айтуға жетелейді.

Ежелгі көшпенділерде хат-хабар алмасу кездерінде ресми іс құжаттарына тез жету, құстай үшып бару, шапшаңдық жылдамдықтың белгісі ретінде құстың қауырсынын тағып жіберетін туралы заттық айғақтар, жазба деректер бар. Баһадүр батырлар болат дулығасының шекесіне қыранның қауырсынын тағып жүрді. Ақсақ Темірдің, Шайбани ханның т.б. хандардың атақ-лауазымы да қыранға байланысты "Сахибқыран" деп аталған.

Ата-бабаларымыз бүркітке аң алдыру мақсатынан гөрі табыну, сиыну жағын басым ұстаған болар. Оны қастерлеп, қасиеттеп тұғырға қондырып, сылап-сипап, тамақтандырып, табыну, қағида шартын мықтап сақтай отырып, бағып-қаққан. Қадым заманнан бері қастерлеп, табынып келген бүркітті пір тұтқандығы соншал ық ол өлсе, иесі оны қау ырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде "бітеу" немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қояды. Бұл "бүркіттен пәле-жала, жыншайтан қашады" деген сенім-нанымның нышаны. Сол сияқты бүркіттің тұяғын, басын, қанатын түскиіз, бала бесігі, төрге іледі. Кейде бітеу сойылған бүркіт "терісінің" ішіне шөп тығып, тұлып жасап қоятын да салт болған.

Бүркітке қатысты ырым, жора | Просмотров: 5641 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ас , ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. А. беруді "жылын беру” деп те атайды. Бұған арнайы сойылатын жылқыны марқұмның қырқында (қырқ күн өткен соң берілетін ас-су) тұлдайды. Оған көбінесе марқұмның мінген аты белгіленеді. Мұны жетісінде де белгілей береді. Тұлдау — сол аттың қара терін шығарып барып суыту. Жал-құйрығын күзеу. Сонан соң жүген-құрықтан азат етіп қоя беру. Қазақ А-ты бір жағынан той деп есептейді. Ат шаптырып, бәйге береді. "Аруақ риза болмай — тірі байымайды” дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. А-тан кейін ол үйде (ауылда) қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің А-ын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті. А. беруге қайтыс болған адамның туыс, жекжат, дос-жарандары ат салысады. Осыған орай "Ас пен той ортақ” деген қағида қалыптасқан. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын-туысы мол адамдардың А-ы ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Ондай А-та жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылған. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнайы шақырылып, жүйрік аттар келетін болған. 1860 ж. Ерден Сандыбайұлына А. берілгенде 500 үй тігілген, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Ат жарыстың бас бәйгесі 100 жылқы болған. Осылай Ерденге үш рет А. берген. Үшеуіндегі шығын 1860 жылқы, 600 қой, 1000 саба қымыз болған. 1861 ж. Байдәулет Құлбекұлына берілген А-та бас бәйгеге 100 жылқы, 100 қой, 1 ақ отау, 10 түйе тігілген. 1874 ж. Лабақ Қуат баласының А-ы болған. Бұл А-қа 700 үй тігілген. Мұның сыртында шақырылғандар әруаққа деп малын, сойысын, сабасын және әкеледі.
Ас беру | Просмотров: 4941 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ай және Айға бай¬ланысты сан алуан құбылыстарды зерделеу арқылы ауа райын болжау қазақтың халықтық астрономиясы мен метеорологиялық тәжірибесінің ең іргелі бағыттарының бірі болып табылады. Аймен байланысты құбылыстарға, әсіресе, олардың басқа аспан денелерімен байланыстарына ерекше мән берілді. Осы арқылы бір жылдағы, бір айдағы немесе алдағы күннің ауа райына болжамдар жасалды. Ай есебі бойынша Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. Халық арасында жаңа туған Айдың көзге көрінбейтін алғашқы екі күні мен батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге көрінетін алғашқы 4-6-күндері (яғни өліарадан кейін) «туған ай» деп атала¬ды. Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп аталады. Туған ай мен батар айдың арасындағы фазасы - шамамен 12-15 күн «ай арасы» деп аталады. Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі «толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 3-4 тәулікті қамтиды. Ал, халықтық календарьда толған ай мерзімінің тек басталуы уақытының (яғни айдың 15-і) ғана көрсетілуі нақтылыққа емес, айтулы оқиғаның немесе құбылыстың басталуына ерекше мән беретін мифопоэтикалық ой жүйесінің принципімен түсіндіруге болады[6] .
Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 4872 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Жаңа туған Ай мен толған Айды құрметтеу нышаны оған қатысты қалыптасқан ұғымдарда көрініс береді. Әсіресе, толған Ай мен жаңа туған Айға байланысты ерекше ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесі қалыптасты. Сондай-ақ, Ай сұлулықтың эталон-символы да болды. Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу болып табылады (туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т.б.) [3].

Қазақтың Айды «мылқау» деп келетін теңеу - түнде адам баласының көп іс-әрекеті қараңғы түскеннен соң жасалынады, ал, оны көктен көретін айғақ жоқ деген ойнақы түсініктің метафоралық образы. Ал, Күнді «осекшіге» теңеуі - күндіз жарықта барлық құпия әрекет ашық көрінеді дегенді аллегориялық бейнелеу. Айға байланысты түрлі ырымдар қазірге дейін халық ішінде едәуір сақталған. Мысалы, ескі наным бойынша, Күн батқаннан кейін, әсіресе, Айлы түнде үйден сыртқа сүт алып шығуға болмайды. Егер бұл тыйымды амалсыз бұзуға тура келсе, онда сүт құйылған ыдыстың бетін Ай сәулесі түспейтіндей етіп, көлегейлеп жабу керек. Бұл шарт орындалмай, сүтке Ай сәулесі түссе, малдың желіні ісіп кетеді. Сөйтіп, мал желін ауруына шалдығып, «ақ болып кетеді» деп сенген. Қазақта Айға байланысты қолданылатын Айды қолыңмен көрсетпе, Ай сәулесін бетіңе түсіртпе, Ай толғанда желі тартпа, жаңа Ай туғанда қойға қошқар жіберме, Ай толғанда кошпе, Ай толғанда қыз ұзатпа, Ай толғанда үй тікпе деген тыйымдар осы аспан денесіне қатысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың өте күрделі болмысын айғақтайды[4] .

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 1241 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ай - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі рух иесі ретінде мінәжат еткен аспан денесі.

«Ай көрдім, аман көрдім», - деген тұрақты сөз тіркесінде көрініс тапқан айға тәу ету ғұрпы осы аспан денесіне байланысты ежелгі наным-сенімдер және осыған байланысты атқарылатын ғұрыптардың кіріспесі іспеттес. Айға сәлем беру ғұрпы туралы Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», - деп жазды. Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар! немесе: Аман көрдім, Ай көрдім, Жұлдызым жоғары болсын, - деп Айға қарап, арман-аңсарының орындалуын тілейді. Жаңа ай туғанда: Туған айдай қылып жарылқа, Шыққан күндей қылып жарылқа. Басты аман, бауырды бүтін қыл, Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе, - немесе: Жаңа Айдан жақсылық, Ауырлығым жерде, Жеңілдігім менде! - деген сияқты жыр жолдары Айға байланысты атқарылатын сан алуан ғұрыптар мен ырымдардың интерактивтілігін қамтамасыз ететін аса қажетті функционалдық атрибуттары болды

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 30129 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Аударыспақ | Просмотров: 1172 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі — «Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді.

Орамал тастау | Просмотров: 1495 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Бәйге мен аламан бәйге

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болады.

Жарыстың үлкен шаруашылық, тәрбиелік мәні де бар. Олай болатын себебі — жарысқа қосатын атты таңдап алып, оны баптап бәйгеге жаратуға дейінгі ұзақ мерзімге бәйге атына мініп шабатын бала үнемі басы-қасында болып, бапкермен бірге еңбек етеді. Бапкер бәйгеге шабатын атты ғана баптап қоймайды, оған мініп шабатын баланы да қоса әзірлейді. Бала бәйге атына берілетін жем-шөп, судың мөлшеріне дейін біледі, оның терін алудың, аттың артықшылығы неде, қандай қабілеті бар және жарыс үстінде оны қалай пайдалану керектігін бәйге атына мінетін бала жарыс басталмастан әлдеқайда бұрын қанығып, біліп алады.

Бәйге осы күнге дейін өз маңызын жоймаған спорт түрі. Бұл күнде жарыс ұйымдастырғанда әр ауданның ерекшелігі есепке алынып, шабатын аралық белгіленеді. Атқа шабатын адамның жасы, салмағы бір-бірімен теңдес болып келеді. Бәйге аттарын белгілі жерге алып баратын адам ат айдаушы деп аталады. Ат айдайтын жерге жеткенде ат айдаушы оларды қатар тұрғызады да белгі береді. Жарыс басталады.

Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады. Қазақстанда бұл сияқты тамаша спортты кеңінен таратуға барлық жағынан мүмкіншілік мол, республикамызда мініскер аттарды өсіретін арнаулы жылқы заводтары бар. [1]

Бәйге | Просмотров: 1348 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап екі оқу құралын: «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» мен «Қырғыздарга (қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық» жазып шықты. Ол қазақ балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды. Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және педагогикалық қызметі басталды.
Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 4051 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Абай мен Ыбырайдың жасаған өмір кезеңдерінде де көп алшақтық жоқ, төрт-бес жыл ғана айырма бар. Әлеуметтік-саяси өмірдің ұқсас бірлігі де олардың таным-талғамының бір бағытта өрістеп дамуына қолайлы жағдай жасаған. М. Әуезовтың айтуынша Абай Алтынсаринды жақсы білген, тіпті кейбір мәселелер бойынша одан үйренуді де жат санамаған: «Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішіне Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кірумен бірге, Ыбырай өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің тапсыруы бойынша солай болса керек... Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып жүруі бүл екеуінің үні бір, үміті бір, арман бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді» (Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 19-т., - А., 1985, 246-6.). Қазақ әдебиеті тарихында табиғат лирикасы жанрының туындап, қанат жаюына Абай мен Алтынсарин зор үлес қосты. Олар өзіне дейінгі ақындардың жыр мен толғау, дастандарында табиғат көріністерінің жеке бөлінбей, түйдек-түйдегімен қоса жырланып келген үлгілерін түңғыш рет жеке алып, түр мен мазмұн жағынан тың сипат бере білді. Орыс ақыны А. С. Пушкиннің табиғатты жырлау дәстүрін Алтынсарин қазақ әдебиетіне алғаш рет батыл енгізіп, жаңа сипатты поэзияның қалыптасуына жол салды. Алтынсаринның табиғат көріністерін адам өмірімен шебер астастыра бейнелейтін «Сәуірде көтерілер рахмет туы» өлеңінде мал баққан көшпелі өмірдің шындық суреттері әсем де нанымды өріледі.
Ыбырай Алтынсарин | Просмотров: 3657 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

1-10 11-17