Пятница, 2024-11-22, 12:15 PM
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақтың салт-дәстүрлері

В разделе материалов: 5
Показано материалов: 1-5

Бүркітке қатысты ырым, жора Аушы құс көк Тәңірінің елшісі, ол Күннен жаратылған, күннің еркесі, көктің иесі деп көп халықтың көне сенімінде аса жоғары дәріптейді. Бүркітке табыну күллі жануарлар мен адамзат әлемінен жоғары түрды. Оны аспан денелерімен шендестірді.Жыртқыш құстарды аса қадірлеген қазақтар сенімінде садақтың оғының жебесін "күшігеннің қойлық жүнімен" және "тазқараныңтайлықжүнімен" (қауырсынымен) ұштаса тік ұшады деп сенген,- деп жазды Ш.Уәлиханов. Біздің қазақтардағы үкі тағу да құс Тәңірдің елшісі, ол адамды қорғап жүрсін деген ырымның нышаны. Біздің қазіргі қазақ тіліндегі құт қону, басына бақ құс қону деген тіркестерде кездесетін "құт" сөзі құс қону, тәңірден береке келіп қону, көктен кут тусу" деген мәнде қолданылған құттың өзі тәңірлік сый-сияпаты деген танымның сарқыншағы деп айтуға жетелейді.

Ежелгі көшпенділерде хат-хабар алмасу кездерінде ресми іс құжаттарына тез жету, құстай үшып бару, шапшаңдық жылдамдықтың белгісі ретінде құстың қауырсынын тағып жіберетін туралы заттық айғақтар, жазба деректер бар. Баһадүр батырлар болат дулығасының шекесіне қыранның қауырсынын тағып жүрді. Ақсақ Темірдің, Шайбани ханның т.б. хандардың атақ-лауазымы да қыранға байланысты "Сахибқыран" деп аталған.

Ата-бабаларымыз бүркітке аң алдыру мақсатынан гөрі табыну, сиыну жағын басым ұстаған болар. Оны қастерлеп, қасиеттеп тұғырға қондырып, сылап-сипап, тамақтандырып, табыну, қағида шартын мықтап сақтай отырып, бағып-қаққан. Қадым заманнан бері қастерлеп, табынып келген бүркітті пір тұтқандығы соншал ық ол өлсе, иесі оны қау ырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде "бітеу" немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қояды. Бұл "бүркіттен пәле-жала, жыншайтан қашады" деген сенім-нанымның нышаны. Сол сияқты бүркіттің тұяғын, басын, қанатын түскиіз, бала бесігі, төрге іледі. Кейде бітеу сойылған бүркіт "терісінің" ішіне шөп тығып, тұлып жасап қоятын да салт болған.

Бүркітке қатысты ырым, жора | Просмотров: 5641 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ас , ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. А. беруді "жылын беру” деп те атайды. Бұған арнайы сойылатын жылқыны марқұмның қырқында (қырқ күн өткен соң берілетін ас-су) тұлдайды. Оған көбінесе марқұмның мінген аты белгіленеді. Мұны жетісінде де белгілей береді. Тұлдау — сол аттың қара терін шығарып барып суыту. Жал-құйрығын күзеу. Сонан соң жүген-құрықтан азат етіп қоя беру. Қазақ А-ты бір жағынан той деп есептейді. Ат шаптырып, бәйге береді. "Аруақ риза болмай — тірі байымайды” дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. А-тан кейін ол үйде (ауылда) қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің А-ын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті. А. беруге қайтыс болған адамның туыс, жекжат, дос-жарандары ат салысады. Осыған орай "Ас пен той ортақ” деген қағида қалыптасқан. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын-туысы мол адамдардың А-ы ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Ондай А-та жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылған. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнайы шақырылып, жүйрік аттар келетін болған. 1860 ж. Ерден Сандыбайұлына А. берілгенде 500 үй тігілген, 160 жылқы, 200 қой сойылған. Ат жарыстың бас бәйгесі 100 жылқы болған. Осылай Ерденге үш рет А. берген. Үшеуіндегі шығын 1860 жылқы, 600 қой, 1000 саба қымыз болған. 1861 ж. Байдәулет Құлбекұлына берілген А-та бас бәйгеге 100 жылқы, 100 қой, 1 ақ отау, 10 түйе тігілген. 1874 ж. Лабақ Қуат баласының А-ы болған. Бұл А-қа 700 үй тігілген. Мұның сыртында шақырылғандар әруаққа деп малын, сойысын, сабасын және әкеледі.
Ас беру | Просмотров: 4941 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ай және Айға бай¬ланысты сан алуан құбылыстарды зерделеу арқылы ауа райын болжау қазақтың халықтық астрономиясы мен метеорологиялық тәжірибесінің ең іргелі бағыттарының бірі болып табылады. Аймен байланысты құбылыстарға, әсіресе, олардың басқа аспан денелерімен байланыстарына ерекше мән берілді. Осы арқылы бір жылдағы, бір айдағы немесе алдағы күннің ауа райына болжамдар жасалды. Ай есебі бойынша Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. Халық арасында жаңа туған Айдың көзге көрінбейтін алғашқы екі күні мен батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге көрінетін алғашқы 4-6-күндері (яғни өліарадан кейін) «туған ай» деп атала¬ды. Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп аталады. Туған ай мен батар айдың арасындағы фазасы - шамамен 12-15 күн «ай арасы» деп аталады. Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі «толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 3-4 тәулікті қамтиды. Ал, халықтық календарьда толған ай мерзімінің тек басталуы уақытының (яғни айдың 15-і) ғана көрсетілуі нақтылыққа емес, айтулы оқиғаның немесе құбылыстың басталуына ерекше мән беретін мифопоэтикалық ой жүйесінің принципімен түсіндіруге болады[6] .
Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 4872 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Жаңа туған Ай мен толған Айды құрметтеу нышаны оған қатысты қалыптасқан ұғымдарда көрініс береді. Әсіресе, толған Ай мен жаңа туған Айға байланысты ерекше ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесі қалыптасты. Сондай-ақ, Ай сұлулықтың эталон-символы да болды. Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу болып табылады (туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т.б.) [3].

Қазақтың Айды «мылқау» деп келетін теңеу - түнде адам баласының көп іс-әрекеті қараңғы түскеннен соң жасалынады, ал, оны көктен көретін айғақ жоқ деген ойнақы түсініктің метафоралық образы. Ал, Күнді «осекшіге» теңеуі - күндіз жарықта барлық құпия әрекет ашық көрінеді дегенді аллегориялық бейнелеу. Айға байланысты түрлі ырымдар қазірге дейін халық ішінде едәуір сақталған. Мысалы, ескі наным бойынша, Күн батқаннан кейін, әсіресе, Айлы түнде үйден сыртқа сүт алып шығуға болмайды. Егер бұл тыйымды амалсыз бұзуға тура келсе, онда сүт құйылған ыдыстың бетін Ай сәулесі түспейтіндей етіп, көлегейлеп жабу керек. Бұл шарт орындалмай, сүтке Ай сәулесі түссе, малдың желіні ісіп кетеді. Сөйтіп, мал желін ауруына шалдығып, «ақ болып кетеді» деп сенген. Қазақта Айға байланысты қолданылатын Айды қолыңмен көрсетпе, Ай сәулесін бетіңе түсіртпе, Ай толғанда желі тартпа, жаңа Ай туғанда қойға қошқар жіберме, Ай толғанда кошпе, Ай толғанда қыз ұзатпа, Ай толғанда үй тікпе деген тыйымдар осы аспан денесіне қатысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың өте күрделі болмысын айғақтайды[4] .

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 1241 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ай - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі рух иесі ретінде мінәжат еткен аспан денесі.

«Ай көрдім, аман көрдім», - деген тұрақты сөз тіркесінде көрініс тапқан айға тәу ету ғұрпы осы аспан денесіне байланысты ежелгі наным-сенімдер және осыған байланысты атқарылатын ғұрыптардың кіріспесі іспеттес. Айға сәлем беру ғұрпы туралы Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», - деп жазды. Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар! немесе: Аман көрдім, Ай көрдім, Жұлдызым жоғары болсын, - деп Айға қарап, арман-аңсарының орындалуын тілейді. Жаңа ай туғанда: Туған айдай қылып жарылқа, Шыққан күндей қылып жарылқа. Басты аман, бауырды бүтін қыл, Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе, - немесе: Жаңа Айдан жақсылық, Ауырлығым жерде, Жеңілдігім менде! - деген сияқты жыр жолдары Айға байланысты атқарылатын сан алуан ғұрыптар мен ырымдардың интерактивтілігін қамтамасыз ететін аса қажетті функционалдық атрибуттары болды

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 30129 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)