Пятница, 2024-11-22, 12:42 PM
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Қазақтың салт-дәстүрлері » Ай (қазақ дәстүрінде)

В категории материалов: 3
Показано материалов: 1-3

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ай және Айға бай¬ланысты сан алуан құбылыстарды зерделеу арқылы ауа райын болжау қазақтың халықтық астрономиясы мен метеорологиялық тәжірибесінің ең іргелі бағыттарының бірі болып табылады. Аймен байланысты құбылыстарға, әсіресе, олардың басқа аспан денелерімен байланыстарына ерекше мән берілді. Осы арқылы бір жылдағы, бір айдағы немесе алдағы күннің ауа райына болжамдар жасалды. Ай есебі бойынша Айдың көк жүзінде көріну фазаларына байланысты айдың бірінші жартысын айдың жаңасы, ал соңғы жартысын айдың қараңғысы деп жіктейді. Халық арасында жаңа туған Айдың көзге көрінбейтін алғашқы екі күні мен батар Айдың соңғы көзге көрінбейтін екі күні өліара деп аталады. Ай жүзінің көзге көрінетін алғашқы 4-6-күндері (яғни өліарадан кейін) «туған ай» деп атала¬ды. Бітер айдың көзге көрінетін соңғы 4-6-күндері (яғни өліараға дейін) «батар ай» деп аталады. Туған ай мен батар айдың арасындағы фазасы - шамамен 12-15 күн «ай арасы» деп аталады. Халықтық түсінік бойынша, Айдың 15-күні, яғни Айдың толық көрінетін кезі «толық ай» немесе «толған ай» деп аталады. Анығында, аталмыш толық Ай мерзімі 3-4 тәулікті қамтиды. Ал, халықтық календарьда толған ай мерзімінің тек басталуы уақытының (яғни айдың 15-і) ғана көрсетілуі нақтылыққа емес, айтулы оқиғаның немесе құбылыстың басталуына ерекше мән беретін мифопоэтикалық ой жүйесінің принципімен түсіндіруге болады[6] .
Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 4872 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Жаңа туған Ай мен толған Айды құрметтеу нышаны оған қатысты қалыптасқан ұғымдарда көрініс береді. Әсіресе, толған Ай мен жаңа туған Айға байланысты ерекше ғұрыптар мен наным-сенімдер жүйесі қалыптасты. Сондай-ақ, Ай сұлулықтың эталон-символы да болды. Фольклорлық дәстүрде нәрестенің немесе сұлу қыздың жүздерін жаңа туған Айға немесе толған Айға балап айту ең көп ұшырайтын дәстүрлі теңеу болып табылады (туған Айдай, туған Айдай иілу, туған Айдай балқу, туған Айдай толқу, он бестегі Айдай, толған Айдай толықсу, Ай дидарлы және т.б.) [3].

Қазақтың Айды «мылқау» деп келетін теңеу - түнде адам баласының көп іс-әрекеті қараңғы түскеннен соң жасалынады, ал, оны көктен көретін айғақ жоқ деген ойнақы түсініктің метафоралық образы. Ал, Күнді «осекшіге» теңеуі - күндіз жарықта барлық құпия әрекет ашық көрінеді дегенді аллегориялық бейнелеу. Айға байланысты түрлі ырымдар қазірге дейін халық ішінде едәуір сақталған. Мысалы, ескі наным бойынша, Күн батқаннан кейін, әсіресе, Айлы түнде үйден сыртқа сүт алып шығуға болмайды. Егер бұл тыйымды амалсыз бұзуға тура келсе, онда сүт құйылған ыдыстың бетін Ай сәулесі түспейтіндей етіп, көлегейлеп жабу керек. Бұл шарт орындалмай, сүтке Ай сәулесі түссе, малдың желіні ісіп кетеді. Сөйтіп, мал желін ауруына шалдығып, «ақ болып кетеді» деп сенген. Қазақта Айға байланысты қолданылатын Айды қолыңмен көрсетпе, Ай сәулесін бетіңе түсіртпе, Ай толғанда желі тартпа, жаңа Ай туғанда қойға қошқар жіберме, Ай толғанда кошпе, Ай толғанда қыз ұзатпа, Ай толғанда үй тікпе деген тыйымдар осы аспан денесіне қатысты наным-сенімдер мен ғұрыптардың өте күрделі болмысын айғақтайды[4] .

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 1241 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)

Ай - ең алдымен, қазақтардың исламға дейінгі байырғы дүниетанымындағы киелі рух иесі ретінде мінәжат еткен аспан денесі.

«Ай көрдім, аман көрдім», - деген тұрақты сөз тіркесінде көрініс тапқан айға тәу ету ғұрпы осы аспан денесіне байланысты ежелгі наным-сенімдер және осыған байланысты атқарылатын ғұрыптардың кіріспесі іспеттес. Айға сәлем беру ғұрпы туралы Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», - деп жазды. Ғұрыптың мәні - әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-қазадан аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар! немесе: Аман көрдім, Ай көрдім, Жұлдызым жоғары болсын, - деп Айға қарап, арман-аңсарының орындалуын тілейді. Жаңа ай туғанда: Туған айдай қылып жарылқа, Шыққан күндей қылып жарылқа. Басты аман, бауырды бүтін қыл, Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе, - немесе: Жаңа Айдан жақсылық, Ауырлығым жерде, Жеңілдігім менде! - деген сияқты жыр жолдары Айға байланысты атқарылатын сан алуан ғұрыптар мен ырымдардың интерактивтілігін қамтамасыз ететін аса қажетті функционалдық атрибуттары болды

Ай (қазақ дәстүрінде) | Просмотров: 30129 | Добавил: Oryngul | Дата: 2012-02-25 | Комментарии (0)